Адасып жүргенде азап шегіп, Сен мені іздедің, Құтқарушым. // Алдамшы өмірге қызығумен Өзіңнен адасып жүріппін мен. // Керемет мынау бір табиғатың, Ай менен жұлдызды жарқыраттың, // Аспан мен жерді де Сен жараттың, Барлығы Өзіңе бағынатын. // Мың алғыс айтамын Өзіңе мен, Көкірегімді ояттың Рухыңменен. // Көзімді аштың Сен, жұмулы еді, Жүрегім тас еді, жібіттің сен. // Тәңірім, Өзіңе бас иемін, Құдіретті күшіңе мен сенемін. // О, неткен күнәкар жан едім мен, Айқышта азаппен Сені өлтірген. // Сен мені сүйесің, иланам ғой, Жаныңды мен үшін қинадың ғой. // Өзіңе келгенді кешіріп Сен, Мәңгілік өмірді сыйладың ғой. // Бар бақыт Өзіңсің өмірдегі, Күнәмді жуасың көңілдегі. // Тек қана Өзіңе бас иемін, Тәңірім, кешірші, кешір мені. //Seneler, seneler geçiyor. İsa'ya iman edin siz Ah! Qu'il est doux pour des frères Siamo qui Эзэний гэрт алдар нь дүүрэн байна Sunt aici stau la dispozitia Ta ạ̉yhạ ạlmdʿw llʿrs ạsẖdw ạrnm lk الرب أبطل مؤامرة الأمم fy ḥḍnk ạldạfy Dintre tot ce cuprind
Song not available - connect to internet to try again?