Аспандағы жарық күн, Қызарып барып батпай ма? Тіршіліктің дәм-тұзын, Құдай мен адам татпай ма? Қанағат, тоқтам, әрқашан Абырой саған әперер. Тіршілікте мәңгілік, Сені тек Құдай мәпелер. Арманшыл менің бауырым, Тілеймін саған тура жол. Сол тіршілік тұтқасы Ақиқат біреу: Иса - Ол. Айналаңа көз салып, Ақылмен бәрін сарала. Өмірдің тап тұтқасын, Әлемді түгел арала. Мына өмірдің мәні мен Мақсатына көз жеткіз. Ақиқаттың, ақ жолдың Шұғыласын жарқ еткіз! Қайта тумай өмірге, Мәңгілікке бармайсың. Мынау жалған өмірден, Тек өкініш қармайсың. Көктемде шыққан қызғалдақ, Күз болғанда солады. Бүгінгі байлық, шат өмір, Ертең-ақ қурай болады. Тек қана Құдай мәңгілік, Мәңгілік болып қалады. Құлпырып өскен қызыл гүл, Күз жеткенде солады. Айналайын, бауырым, Арманың болсын мәңгілік. Тура жолға кел сен де, Құдайды жырла ән қылып.mstḥq kl ạlmjd - Stronghold's Sunt un om nevrednic dar El m-a iubit Мəним садиг Достум вар - чох гијмəтли Esprit divin, esprit de flamme 耶稣啊耶稣 Shohona Masihiyman พระเจ้าข้าโปรดอภัย yì rén de qí dǎo dà yǒu gōng xiào Qualcosa in te non va Nə Gözəl Parlayır
Song not available - connect to internet to try again?