Бетлехем деген елдің шығысынан, Жарық жұлдыз малшыларға көрініпті. Сол жерде туылды Иса Мәсіх Көктен жерге періште әні төгілді. Сәби жатыр анасының құшағында Ал Мариям үнсіз егіліп бір жылады. Кішкентай Сәби жатыр тәттә ұйқыда Алдыда Оны қиындықтар күтеді. Ұйықтауда Нәресте сені не күтіп тұр Анасының киелі ақ сүтінен еміп. Құтқаруға келіп күнәлардан елді Қайғыға батарсың халықтан жәбір көріп. Елінде бейбітшілік пен тыныштықтың Нұрланып бой көтерер Сенің мекенің О, Иса, күтеді Сені мол азаптар Батады патшаларға Құдай екенің. Өзіңді танытып, бар шындықты айтсаң Кейбіреулер тәубеге келер шыныменен Біреулер бас тартып айқышыңнан қашар Түсінген табысады Құдай Ұлыменен. Не күтіп тұр Иса Өзіңді алдыда Құрбан болып білегіңді түріп едің Өзіңе сиынып біз сеніп күтеміз Біз үшін Сен өліп қайта тірі едің. Содан соң қуанышта да, қайғылар да Құдай Ұлы деп қастерледі Өзіңді Содан соң Сенен асқан Тәңір бар ма? Халық мойындады киелі сөзіңді. Нұры ай-күннен де жап жарық, сәулелі Болған Нәресте екен Құтқарушы Ол бізге көрсетті адаспайтын жолды, Қайырымды, рақымды Жан жұрт танушы.Qul Emasman Men Endi sạ̉lwdẖ bḥḍnk - ṣwth ạlḥlw Он знает и Он слышит Vatan ạldʿwẗ Lahir Putera Mulia En avant! en avant! Epäilykset pois mä heitän Sevuvchi Rabbimiz meni sevadi tkfyk nʿmty
Song not available - connect to internet to try again?