Інжіл Сөзің әрқашанда қолымда, Оқығанда жазылады, жанымда // Әр бір сөзің асыл тастай көзіме, Бұл дүниеде Сөзің қымбат өзіме! // Киелі Рух жүрегіме жазады, Құпиясын әке маған ашады, // Сөздеріңнің ашылғанда мәнісі, Нұрын менің жан дүниеме шашады! // Оқимын мен керек Сөзің жаныма, Сөздеріңнен шам жанады алдыма. // Кітабыңды тастамаймын қолымнан, Келемін мен қадам алып жолыма. // Киелі кітап толып жатқан құпия-сыр, Ашып қалсам тасып жатқан тірі су. // Ашықтықты күтемін мен Өзіңнен, Күш аламын әрбір айтқан Сөзіңнен. //Důvěřuj se v Pána Grande Senhor/Ele é Exaltado Мəсиһə үз тут сəн ạṣlḥ ạlsrạj Con tu sangre Has hallado en Cristo Det blir sunget en sang av enfoldige små Отец наш небесный славно имя Твое Jöjjetek hozzá bizalommal jì rán gēn cóng le zhǔ
Song not available - connect to internet to try again?