Бұл Құдай жаратты ғой аспан жерді, Бұл Құдай жаратты ғой адамзатты // Адамдар дүниенің соңына еріп Алданып қалған екен өткіншіге! // Бауырым тұр орныңнан, аш көзіңді Біздерді Құтқарушы Мәсіх келді // Ол бізбен мәңгі бірге болады екен Егер біз тәубе қылып, барсақ Оған! // Тәңірім сүйеді екен бізді мәңгі Өз қанын төгіп кетті күнәң үшін // Біздерді тазалады Ол күнәдан Құтқарды бұл дүниенің азабынан! // Мәсіғім алғысым көп менің Саған Сен ашқан жолыңменен барам Саған // Қолыңмен жетелеші Құдай Ұлы Құдаймен жарастыршы мәңгі бізді! // Адамдар аш көзіңді, көр Құдайды Біз үшін жалғыз Ұлын берді Құдай // Адамзат көрмейсің бе, Құдай мейірім Тас болып қалған ба еді жүректерің //Muqaddassan Kto vleje srdcu yé hé huá de mén Abrites moi Ўтар ўмрим менинг , кетар ўмрим менинг Deň vzkriesenia Pánovho oslavujme a z víťazstva Kristovho sa radujme! О том возрадуйтесь друзья Христовы ṭryq yswʿ Minden, mi él Ty si svätý
Song not available - connect to internet to try again?