Бұл өмірден өтеді екен даналар да, Өтеді екен ақ жаулықты аналар да. Дүниені дүр сілкінткен патшалар да, Өтеді екен асыл сұлу арулар да. // Ей, адамдар, ойланыңдар, Өткенге көз салыңдар. Бұл өмірде мәңгі жүрген, Айтыңдаршы кім бар?. // Көрген түстей өте шығар көз алдыңнан, Өмір жалған, оны ешкім біле алмаған. Бұл өмірдің бар беймәлім құпиясын, Қанша іздеп талай адам таба алмаған. Тыңда бүгін, тыңда үнін Жаратқанның Бағушысын батқан күн мен атқан таңның. Пенделері жүрсінші деп мәңгілікте, Сүйгендіктен біздер үшін төкті қанын. Мәңгілікке барар жолды көрсетіп, Иса Мәсіх көкке кеткен тіріліп. Жаратқанның аларынан берері көп, Сен де алғын, қалма досым кідіріп.Если склоняюсь В молитве я 주의 친절한 팔에 안기세 Кто то небо надо мной открыл بتسبيح الرب ينطق فمي حكاية عدرا Rescue Et je cours vers le but Престолът на благодатта Visione لا تشمتي بي يا عدوتي
Song not available - connect to internet to try again?