Бұралаң тар жолмен аттанып барамын, Жеңісті, мәңгі өмір сүремін. // Жүрегім жай тапты, жарқырап жанарым, Себебі мен Құдайға сенемін! // Жақсы мен жаманды айыра білемін, Жаныма не керегін сеземін. // Неліктен жаралдым, оны да білемін, Себебі мен Құдайға сенемін! // Алысып шындықпен, күресіп күнә тұр, Зұлым рух жайлады жалғанды. // Ал мені шақырып жұмақта мұра тұр, Себебі мен Құдайға сенемін! // Келсе де қайғы-мұң, ысырып тастаймын, Артамын жүгімді Тәңірге. // Өзімді сүйетін Құдай бар, саспаймын, Жеткізер Ол мәңгілік өмірге! // Зұлымдық жеңіліп, жүрегім қуанды, Әкеге барар жолмен келемін. // Жүрегім жайланып, жаным да уанды, Себебі мен Құдайға сенемін! //Pozdravujeme ťa, Patrónka Slovenska, Sedembolestná Matička Святой поток Niente al di sopra del sangue Ziua Domnului soseşte Sionul se pregăteşte Бүгү-ле Сээң ОТ СИЯЙНО НЕБЕ ДО ДЪЛБОКИ ВОДИ Веры пламень вдохновляет Прагну славіць я Цябе لما أقعد لوحدي Ես Ազատ եմ
Song not available - connect to internet to try again?