Екі мың жылдай ертерек, Адам боп жерге келіпсің, Мойныңа алып күнәмді, Мен үшін азап шегіпсің. Көп күнә жасап мен білмей, Жүргенім саған мәлім-ді, Кітаптан таптым Інжілдей, Арайлап атқан таңымды. Дүниеге Иса жарықсың, Мәңгілік өмір беретін. Айқышқа барып қағыпсың, Тозақты біздер көретін. Мейірім шашқан көзіңнен, Құдайдың нұрын сеземін, Киелі Сенің Сөзіңнен, Күш-қуат алып келемін. Кешігіп қалмай тұрғанда, Кешірімін тез алуға, Асыққын сен де, бауырым, Жұмақта мәңгі болуға.Bless the Lord Молитва Озарилось небо яркою звездою Исминде не гюзеллик вар Ждём встречи мы Господь Ты мой Бог Are you washed in the blood? Из всех народов и языков يسا، ٴوز شاكىرتتەرىڭە، ولەردىڭ الدىندا Как чудесна Божия любовь
Song not available - connect to internet to try again?