Жаман ойлар мазалайды жанымды. Жаным талай ойға еріп жаңылды. Арылмаған азаптың дәмін таттым ұзақ тым. Қайғысына көндім бір сәт тозақтың. Жаман сезім жаулағандай бойымды. Жүрегімді жаралады ой-мұңды. Бәрі болды өзімнен алыс кетіп жүзіңнен. Бұл өмірге алаңдаған кезінен. Қиналғанда тек Өзіңді іздеймін, неге? Айтшы маған Тәңірім, қандай менің өмірім. Сенсіз өткен мағынасыз әр күнім. Арам ойдан арылдым ба білмедім. Бар білерім Әке сөзін сермедім. Шектім соның зардабын, жоғалғандай арманым. Білмегендей бұл өмірдің жалғанын. Жан-дүнием сөздеріңе шөлдеген. Рухым бірақ тірі әлі өлмеген. Әке дейді дауыстап, алақаныңнан ұстап. Өлі сезім, мәнсіз ойларды тастап.Buď touhou mého srdce Slamat Datang Kami Ucapkan Дорой байхад минь хүч оруулж Бог мой Иисус Тебе молюсь zhǔ gù niàn pín qióng rén مواعيدي ليك Танръм Иса Месих Мужайся, если пред Тобой Раб куртардъ бени KALVARY
Song not available - connect to internet to try again?