Жанарыма анықтап зер сал аспан көзімен, Үңіл жүрек түбіне, жыласын жан-дүнием. Мейірімді көзқарасың жүректі жұбатар, Ұғынатын тек Сенсің, қайғы келсе жылатар. Сенің әсем көздеріңнен танимын аспанды, Білесің Өзің мендегі бар тілек, жоспарды. Өмірімді көресің айқын аспан көзіңмен, Азап-қайғымды көріп жұбатасың сөзіңмен. Ием Сен, Тәңір Сен, Жалғыз Сен. Кейде жолым бұлыңғыр тартып шаршағанда мен, Сұрақ қоямын түңілгенде осы өмірден. Жаным еңіреп жылағанда маған таядың, Көк аспандық көзіңмен көріп, мені аядың. Кездесем жұлдыз арасынан тіккен көзіңе, Бар үміт арманым - қашан аласың Өзіңе. Бақыт жайлаған мәңгі жарық әлемде Сені, Көрем шексіз туыстық көзіңді мейірімді.Te éltetsz engem تعليق 5 - مين الكسبان ؟ Egam baraka bersin ชื่นใจในวันคริสต์มาส لم أخف حزنًا إذ دخلت قدسك Ó, vyvýšený Pán! На пороге вечности రండి రండి యేసుని యొద్దకు yǒu rén shuō zhōng guó de míng zì jiào kǔ nán
Song not available - connect to internet to try again?