Жарқырап кетті айнала, нұрға бөлеп аймақты, Демалған малшыларға, топ періште үн қатты: Топ періште үн қатты, үн қатты. Бетлехемге бет бұрыңдар, бесік жыры тойлансын! Құтқарушы келді әлемге, барлық адам ойлансын. Барлық адам ойлансын, ойлансын. Қуанып шаттаныңдар! Мәсіх келді дүниеге, Қарсы алыңдар адамзат, Баршаға жар салыңдар. Қуанып шаттаныңдар, Таңғажайып күйге еніп, Ғажапқа тамсаныңдар, тамсаныңдар. Құндақтаулы бала жатыр, Мал байлаған ақырда, Нұр бейнелі пана жатыр, Халқы күткен ғасырлар. Халқы күткен ғасырлар, ғасырлар. Малшылардан елге хабар, Осылайша таралды, Киелі Рух көлеңкесі бізге пана бере алды, Бізге пана бере алды, бере алды. Қуанып шаттаныңдар! Мәсіх келді дүниеге, Қарсы алыңдар адамзат, Баршаға жар салыңдар. Қуанып шаттаныңдар, Таңғажайып күйге еніп, Ғажапқа тамсаныңдар, ән салыңдар. Ән салыңдар Иемізге, ән салыңдар.Ario ny tahotrao Iso Masih-Tokning novdasi kl ạlmjd wạlạ̹krạm ạtạ̉ml fyk Yoshobʋt ilbʋsha yokʋt Sei prezioso Kilima Kando Ya Mji Қамкөңіл жатқан kl ạlʿmr تعليق 4 - لمسني وقواني
Song not available - connect to internet to try again?