Кел, барайық Ғолғотаға! Мәсіх онда шалынды құрбандыққа. Науқасты емдеп, өліні тірілтті, Айқышқа қағылды, жаудай күдікті. Тізе бүгейік! Кел, барайық Ғолғотаға! Әлемге өмір суын берген Жанға. Азап шегіп, Ол жаны қиналғанда, Қарап тұрды көз тігіп жиналғандар. Тізе бүгейік! Кел, барайық Ғолғотаға! Иса Мәсіх көз салды аспанға. «Сен неге тастадың деді Әкеге?» Әлем күнәсін алғанда Өзіне. Тізе бүгейік! Кел, шығайық Ғолғотаға! Исаның сөзі естіледі онда: «Рухымды Саған Мен тапсырдым енді!» Біз үшін жанын Мәсіх құрбан етті. Тізе бүгейік! Кел, барайық Ғолғотаға! «Кешір оларды» деп өтінген Жанға. Біз үшін қиналып, көп азап шекті, Күнәміз үшін Киелі қанын төкті. Тізе бүгейік! Кел, шығайық Ғолғотаға! Жеңістің туы тігілген төбеге Бізді құтқаруға қымбат құн төледі, Күнәміз үшін Киелі қанын төкті. Тізе бүгейік!موسيقي - ثبت أنظارك Eres Tan Bueno yạ ạ̉bạnạ lst ạ̉dry yīn zhe yé sū wǒ men yòu zài yī qǐ Голготада аккан Vzácný dar svůj Lámpara fiel que luz me das سلطانك Свобода там где Дух Святой zhǔ wǒ xīn ài nǐ shēn shēn de ài nǐ
Song not available - connect to internet to try again?