Күзде теңіз жағалауы, Көмкерілер алтынмен. Ортасында шағалалар, Жарысады толқынмен. Айтшы, досым, қай суретші Салған мұның бәрін? Құдай Ие сол Суретші, Оны мадақтайық. Түрлі-түрлі балықтар бар, Сол теңіздің түбінде. Мініп алып көк дельфинге, Жүзсе толқын үстінде. Ақ қайыңға қараңдаршы, Жапырағын төгеді. Төбесінен төңкеріліп, Көк аспан көрінеді. Неткен ғажап асау теңіз, Алтын күн мен шағала. Мадақ айтып Тәңіріңе, Зор мейірін бағала.Любовь Иисуса для тебя โปรดชำระดวงใจของข้า كلتا اليدين ถวายเกียรติพระสิริ Сегодня тот день تورکمِنیستان اوچین 07 Дорожка 7 ḍḥkẗ Da quando mi salvò لما الرب يسوع إدانا
Song not available - connect to internet to try again?