Мен адасып жүргенімде Өзіңсіз, Өтіп жатты бар өмірім көңілсіз. Ең болмаса бір сәт Сені ойламай Осы кезге дейін жүрдім сенімсіз. // Кешірші мені Құдайым, Өтініп Сенен сұраймын. Өмірімнің өзгергенін қалаймын. // Түсінбедім бұл өмірдің мән-жайын, Неге келдім және қандай жағдайым? Сені қалай ғана білмей жүрдім мен, Соқырлықпен сор болды ғой маңдайым. Өмірімде еш адамды сүймедім, Қиналғанға қол ұшымды бермедім. Тек өзімді ойлауменен жүріппін, Қалай ғана қатты болған жүрегім?!Un día caminé en soledad Świętemu Bogu oddaj cześć ạ̉nạ mlk ạlfạdy Если сердце болит в груди Herren er min styrke og min lovsang Chrystus Pan zwyciężył wktyr qạsyt O, ry Fanahy Masina You Said Buď chvála Ti, Bože
Song not available - connect to internet to try again?