Мен тоқтап, біраз көз салсам, Өмірдің өткен жолына, // Әр күнә келіп ойыма, Батады менің жаныма. // Мен қылған қанша күнә бар, Естісе адам ұялар, // Шындықты айтсам Құдайға, Күнәдан мені құтқарар. // Күнәмді алып мойныма, Бас иіп Тәңір алдында, // Өтініп, тәубе қылайын, Апаршы өмір жолына. // Шындықты көрдім жолыңнан, Өзгерткен менің ойымды, // Құтқарып алшы Тәңірім, Ұсынып, созам қолымды. // Өзімді Саған арнайын, Жүректе Сені сақтайын. // Дүниеге айтып шындықты, Мәңгілік Сені даңқтайын. //ขอให้คำจากปากของข้า Двигайся سەنىڭ ساياڭدا El dormir en Jesús Yaxshilik qil, qil yaxshilik عيناي دائماً إلى الرب Баҳ! - фарёд омад ạ̉nạ msẖ hạkẖly โดยพระโลหิตไหล kl ạlkwn ạ̹htf llrb
Song not available - connect to internet to try again?