Сенің сөзіңе құлақ түрсем, Құтқарушым, Сен ғажапсың, Өзімді терең түсінсем, Күнәкар мен бір пендеңмін. // Сен Иса - киелі Бұтасың, Ал мен нәзік бұтағыңмын. Өзіңнен тек қуат аламын, Менің Құтқарушымсың Сен. // Сенен алған сезімнен жаным, Қуанып тынышталады, Жүрегім Саған жақындайды, Құтқарушым, жан Тәңірім. // Кейде Сенімен жан Тәңірім, Бірге болмаған шағымда Сол кезде жүрегім қиналып Тыныштық болмайды жанымда. // Сенің әр Сөзің бізге шындық, Сенсіз өмірде кім едік? Күнә жайлаған өмірде, Мағынасыз әр ісіміз. // Сондықтан жалғыз бір тілегім Мәңгілік болу Өзіңмен. Атқарылса барлық істерім, Күш алып Сенің сөзіңнен. // Мәсіх - тіршілік қайнар көзі, Мағына берер өмірге. Жаратушының тірі сөзі, Жол ашып берді Тәңірге. // Сен Иса - киелі Бұтасың, Ал мен нәзік сабағыңмын. Өзіңнен тек қуат аламын Жалғыз Құтқарушымсың Сен. //yạ ạ̉bạnạ ạzạy̱ ạnạ hạạskt ? .. lạ̉ Puji, Hai Jiwaku, Puji Tuhan Jehova Esta En Medio De Ti Не найдёт душа моя покоя Raja Daud yang Agung Geç kalma gel İmmanuel Ruah Numai harul, numai harul Ман то абад ором гардам
Song not available - connect to internet to try again?