Таң шапағындай, жүзіңнен нұр төгіліп, Ең сұлу жан тек сенсің бүгін әлемде. Желегің тұр желбіреп, келін, міне, келді деп, Жанарың жайнап, қуанышқа бөленген. Жиылған жұрттың қадалды-ау саған жанары, Бал-бұл жүзің көз жауын алып барады. Тал бойында төгіліп тұрған ақ көйлегің, Пәктігіңнің куәсі болып қалады. Тәңір еркімен ата-ана үйін қалдырдың, Жан жарыңмен мәңгілік бірге болуға. Кездесер қуанышы мен қайғысын тағдырдың, Асыл жарыңмен бірге қарсы алуға. Бүгін қалыңдық, ал болашақтағы анасың, Сүйген жарыңның жүрек кілтін таба біл. Исаның сөзімен ұрпақтың толтыр санасын, Мінәжатпен барлық қамалды ала біл. Ақ көйлек, ақ желекті, көптен күткен тойың тез, Өте шықты деп қам көңілді болмағын. Асыға күткен нағыз қымбат арманың, Қалыңдық болып Иса Мәсіхпен кездесер кез.محتاجين لك Сьозле ве дилле деил, ейлемле ве ичтенликле Невозможно не славить Тебя ḥwạr ạlmlk wʿbdmwn ạltẖạny Ey Düşmanım, Ey Düşmanım Свеча Vše, co mohu dát je chvála Святый, святый, святый ạ̉nt ạldẖy Jezu, Tyś wszystkim dla mnie jest
Song not available - connect to internet to try again?