Тек Мәсіхте үміттенем, Ол жарығым, күшім, әнім. Дауыл соқса, азап, шөлде, Берік негіз іргетасым. Қасірет пен қорқынышта, Махаббат пен тыным шыңы, Менің барым, жұбанышым - Мәсіх нұрында мен тұрам. Тек Мәсіх боп тәнде келді, Құдай Өзі Сәби болды. Ол әділдік, сүю сыйы, Адамдар бірақ бас тартты. Айқышта Ол өлген кезде, Тынышталды Құдай қаһары. Оған біздің күнә артылды, Тұрам Мәсіх өлімінде. Жерге көмді Оның тәнін, Түнек басты әлем нұрын. Даңқты күні Ол жарқ етті, Қабірден Ол қайта тұрды. Иса Мәсіх - жеңімпаз Ол! Күнә қарғысы жойылды, жоқ. Ол менікі, мен Онікі, Мәсіх қаны жуды мені. Еш айып жоқ, қорқыныш жоқ, Бұл мендегі Мәсіх күші. Сәби кезде, соңғы шақта, Өмірім Иса қолында. Тозақ торы, амал-айла, Қолынан Оның еш алмайды. Ол келгенше, шақырғанша, Тұрамын Мәсіх күшінде.نصعد نملكها Men, men, men, qoʻrqmayman يا رب يا ماء Dio grande Dio A Jesucristo ven sin tardar Раб Аллах'ън Исми Улу Йюджедир Будур Иса калканъмъз куветимиз Тәңирди алғысла Где Дух Господен там свобода
Song not available - connect to internet to try again?