Қуанам Құдайымды тапқаныма, Арайлап сол бір таңның атқанына. Жүректің лүпілдеген жалынымен Паш етіп ақиқатты жатқаныма. Сен менің, Иса Тәңір, Құтқарушым! Мендей боп барлық халқым құтқарылсын. Қабыл ал, ей, адамзат ақиқатты, Сенің де Иса Тәңір Құтқарушың. Тапсыр да тағдырыңды Құдайыңа, Әрқашан сиынып жүр ұдайы да. Қадам бас мәңгі өмірге, ақиқатқа, Белшеңнен бата берме уайымға. Мәңгілік, - Ол мәңгілік - Иса жолы. Бұрын күн түсінбеппіз біздер оны. Күнәнді кешіреді Ол қайырылсаң, сол Иса сен үшін де құрбан болды. «Танысын, міне, осыны» деп туыпты. Сенен Ол тілемейді көп білікті. Ақиқат - Иса жолы - Құдай жолы. Бауырым, соны білсең жеткілікті.Ирээч Та үнэний Ариун Сүнсээ ʿạyz mnk hdyẗ 2 أيها الإنسان Ya Allahna, Ƙarfafa ni قد مضى سيدي Once and For All lw ywm ạ̉ḥs ạ̹nk bʿyd Pravé šťastie When I bow ạ̉nạ bạʿlnkm zwj wzwjẗ
Song not available - connect to internet to try again?