Қуаныңдар достарым, Мадақтаңдар Тәңірді. // Исаны жерге жіберіп, Сыйлаған мәңгі өмірді. // Шаттаныңдар бауырлар, Шырқатып әсем әнменен, // Ашылды бізге құпия, Ата-бабаң сезбеген. // Тамашаға бөленсін Табиғат біткен сүйсініп, // Исаның сөзін естісін Барлық халық құлшынып. // Ақиқатты танысын, Түнектегі жұртшылық. // Ашылсын бәрі перденің, Арайлап атсын күн шығып. // Оян бауыр, қалғыма. Жігеріңе жігер қос. // Құдайдың берген бұйрығын Орындамай жүрме бос. //Орамизда севги бўлсин أشدو لاسم الرب In the Garden Приди сейчас Io sono quel che sono Bu yolun sonunda ümidim, diləyim Оставен ли си сам Бог сотворивший мир Утомлен дневной жарою Би Таныг магтмаар байна
Song not available - connect to internet to try again?