Ұлы Құдай, Әкелік махаббатпен, Сыйға тартып,нұрыңды төккенде, Өз қолыңмен Жаратушым жасаған, Бар тіршілік, әлемді көргенде. // Тәңірім, сонда, Саған рухым жырлайды: Ұлысың Сен! Ұлысың Сен! // Аспанға, жұлдыздарға көз салсам мен, Ғажайып жарқын әлем жүзіне. Мұхиттағы кемедей жүзіп жүрген, Ай мен күнді әуеде көргенде. Жаратылыс көктемде құлпырғанда, Жұпар иісі кеудеме толғанда, Бұлбұл әнін тоғайда естігенде, Бұлақтың сылдырын тыңдағанда. Күн күркіреп, найзағай жарқ еткенде, үстімізден қара бұлт төнгенде, кемпірқосақ назарыма түскенде, құнарсыз жерге жауын жауғанда. Адамзатты сүйіп жер бетіндегі, қайғы қасіреттен Ол құтқарғанда, мейірін төгіп, жасаған қасиетті, ісі туралы мен оқығанда. Бұл дүниеде адамға үлгі болған, Мәсіхтің жуас жүзін көргенде, айқышта бізге кешірім берем деп, бар әлемнің Патшасы өлгенде. Жүрегімді құмарлық жайлағанда, қара қайғы жанға батқанында, Сүйіспеншілікпен басын иіп кеудеме, жылы сөзбен мені Ол жұбатар. Тәңір мені Өзіне шақырғанда, нұрын шашып, сәулесі жарқырап, сонда рухым үн шығармай қалады, ұлылығын Құдайдың мойындап.Yara Duka, Yara Duka Ченкле, Лирле, Теф Ве Дансла mạ bqạsẖ ạlḥb ykfy Ыйса тирилди! Хушхабарни экдик Реббим Сени сөййәрин Merhamet Et Cherchez d'abord le royaume de Dieu По високих горах أحمدك
Song not available - connect to internet to try again?