Өзен жолдан алшақ емес, Бұлттар ұшар белес-белес. Жолаушыға жол бір елес, Оңай емес, оңай емес. // Көкейінде арман жатқан, Шіркін, егер үй орнатсам, Сол үйден мен бақыт тапсам, Бақыт тапсам, бақыт тапсам! // Мезгіл-мезгіл тұра қалар, Қоңыр үнмен әнге салар. Өзі сүйген әсем әнді, Осы қазір айтқан әнді. // Үй деген тек елес емес, Терезе емес, есік емес. Дүние емес, жиһаз емес, Ол үй емес, ол үй емес // Үйім бұл құтты ошағым, Қайта-қайта ораламын. Тағдыр тәлкек етсе-дағы, Құр сүлдерің жетсе-дағы. // Үйде сені түсінеді, Сені күтіп күрсінеді, үйде жаның жай табады, сол байтағың, сол байтағың. // Бұлттан да биік ғарышта, Аспаннан ары алыста, Нағыз үйді дайындаған, Көктегі Әке саған, маған. // Көктегі үйге барам десең, Өсиетке көңіл бөл сен, Жердегі үйде орындағын, Құдай заңын, Құдай заңын. //Gunohlarimni kechir Әнмен мадақтаймын Сенга берилди имкон tʿlyq 2 - ạ̉ṭfạl byḥbwạ mṣr จิตใจเบิกบานในวันแต่งงาน Aspris verdwaal Nostro Padre sei tu Open your eyes, see the glory В мире путей так много Ағармыш тарлалар дəнизə бəнзəјир
Song not available - connect to internet to try again?