Адасып жүргенде азап шегіп, Сен мені іздедің, Құтқарушым. // Алдамшы өмірге қызығумен Өзіңнен адасып жүріппін мен. // Керемет мынау бір табиғатың, Ай менен жұлдызды жарқыраттың, // Аспан мен жерді де Сен жараттың, Барлығы Өзіңе бағынатын. // Мың алғыс айтамын Өзіңе мен, Көкірегімді ояттың Рухыңменен. // Көзімді аштың Сен, жұмулы еді, Жүрегім тас еді, жібіттің сен. // Тәңірім, Өзіңе бас иемін, Құдіретті күшіңе мен сенемін. // О, неткен күнәкар жан едім мен, Айқышта азаппен Сені өлтірген. // Сен мені сүйесің, иланам ғой, Жаныңды мен үшін қинадың ғой. // Өзіңе келгенді кешіріп Сен, Мәңгілік өмірді сыйладың ғой. // Бар бақыт Өзіңсің өмірдегі, Күнәмді жуасың көңілдегі. // Тек қана Өзіңе бас иемін, Тәңірім, кешірші, кешір мені. //Ty sám si nás zhromaždil Ты побеждай когда остановился Guarda a Gesù Байлығым менің мәңгілік Canto di lode Firme estaré Мой Бог, величие мне яви Chi ci separerà Сердца глаза мне открой Бог Dit is die dag wat die Here gemaak het
Song not available - connect to internet to try again?