Алғысқа толы атың, Жер-көкке сыймас даңқың! Керемет ұлы салтанатың Әндетсем әнім жетпес, Жырласам жырым жетпес Тәңірімсің Сен мақтанатын. // Сен келгенде жаныма Ашылады қуана Саған жүрегім, Сен сөйлесең жүрекке Түсінеді бір сәтте Ей, менің жан дүнием, Сенсің Тәңірім Жүрегімді көретін Сенсің Бағушым, Жүрекпен сөйлесетін. Білесің маған қандай сөздің керегін. // Шақырған барлық жанға жақынсың, Тек Сен ғана Сенген жан жаңылмас жолында, Түнекте болып жарық, Жан рухта болып азық Келесің бәрін қолға алып. Жүректен шыққан алғыс, Төгеді тек қуаныш. Тек Сенің табиғатыңмен Қосылсам сендей болсам, Рухыңмен ұшып-қонсам, Бұдан артық бар ма екен арман.На далеком холме средь деревьев и скал 走吧我们走吧 Там в Гефсимании Халелу, Халелу, Халелу, Халелуя Ať příjde probuzení 나 주님을 믿고 난 후 Jesus kom inn يارب أنت سيدي دايماً بتخبيني Cuan Grande Es El
Song not available - connect to internet to try again?