Құрбан шалатын, жанды қиятын Халқым үшін келді уақыт. Тәнге қарамай, басқаға бұрмай Шапағатқа шықты бақыт. Шын жүрегімен келем дегенге Нұр есігі әркез ашық. Бір Құдайға сенем дегеннің, болады басы - Иса Мәсіх // Күн сәулесі айдың нұры Бізге керек болмайды. Мәсіх Нұры салтанаты, Ұлылығы қоршайды. Жан дүниемді, айналамды, Өзі жарқыратады. Жүректерді тыныштыққа, Толтырып қуантады. // Бір қауымға, адал бауырға, Айналдырды бізді Мәсіх. Еш алдамайтын, әділ жүретін, Мәсіхшілер біздер болдық. Ұстап ораза, болып дұғада, Мәсіх Нұрына нұрландық. Барлық өмірді, толық жүректі Беретіндер біздер болдық. Мәсіх нұрына, тірі қауымға Айналады ел жақында Исаменен біз әркез біргеміз, Мәсіхшілерміз өйткені. Бейбітшілікті билеуші етті, Әдептілікті әмірші, Тірі Сөзімен тірілтті бізді, Қауымбасы Иса Мәсіх.Kto s tebou, Pane, bude večne žiť mạbttnsysẖ Очи Твои قد فتحت الباب Chisʋs ma! pim ʋlla yʋno تراك 8 ЩЕ ВЛЯЗА В СВЕТАЯ СВЕТИХ Не золотом тленным спасен я от ада من غير ما نطلب THE CITY OF GOLD
Song not available - connect to internet to try again?