Інжіл Сөзің әрқашанда қолымда, Оқығанда жазылады, жанымда // Әр бір сөзің асыл тастай көзіме, Бұл дүниеде Сөзің қымбат өзіме! // Киелі Рух жүрегіме жазады, Құпиясын әке маған ашады, // Сөздеріңнің ашылғанда мәнісі, Нұрын менің жан дүниеме шашады! // Оқимын мен керек Сөзің жаныма, Сөздеріңнен шам жанады алдыма. // Кітабыңды тастамаймын қолымнан, Келемін мен қадам алып жолыма. // Киелі кітап толып жатқан құпия-сыр, Ашып қалсам тасып жатқан тірі су. // Ашықтықты күтемін мен Өзіңнен, Күш аламын әрбір айтқан Сөзіңнен. //Аллилуйя! Бог царит Юдже Раббим Le monde est dans la nuit Аз жаргал Într-o zi pe Ieremia Der aldri var noen som Jesus Cand sunt căzut, când sunt bătut Autobusy přijíždějí Вера, вера, вера каждому нужна Sogno ad occhi aperti
Song not available - connect to internet to try again?