Бұл өмірден өтеді екен даналар да, Өтеді екен ақ жаулықты аналар да. Дүниені дүр сілкінткен патшалар да, Өтеді екен асыл сұлу арулар да. // Ей, адамдар, ойланыңдар, Өткенге көз салыңдар. Бұл өмірде мәңгі жүрген, Айтыңдаршы кім бар?. // Көрген түстей өте шығар көз алдыңнан, Өмір жалған, оны ешкім біле алмаған. Бұл өмірдің бар беймәлім құпиясын, Қанша іздеп талай адам таба алмаған. Тыңда бүгін, тыңда үнін Жаратқанның Бағушысын батқан күн мен атқан таңның. Пенделері жүрсінші деп мәңгілікте, Сүйгендіктен біздер үшін төкті қанын. Мәңгілікке барар жолды көрсетіп, Иса Мәсіх көкке кеткен тіріліп. Жаратқанның аларынан берері көп, Сен де алғын, қалма досым кідіріп.Crea in me 每天都走道路 Воден от вечността 主的爱又使我们相聚在圣山 Nie mów, że dawne dni Powiedzcie, jak mam smutnym być Danke oh Herr Да на холме Голгофы Он Z najtmavších nížin zeme kfạyty fy mn fdy̱ nfsy mn ạlhlạk
Song not available - connect to internet to try again?