Екі мың жыл өтіп кетті арада, Құтқарушы туылғалы анадан. Дүние Оны танымады, білмеді. Танығандар мәңгілікке бірге енді. Қанша ғасыр өтіп кетті арадан, Иса сөзі бізге келіп жеткенше. Қанша халық өтіп кетті дүниеден, Иса сөзін естіместен, білместен. Қуанышпен қабыл алшы, ей, халқым, Ізгі хабар келіп жетті бізге де. Құдайыма мың бір шүкір айтамын, Жалғыз Ұлын таныстырған біздерге. Өткен күнге ой жіберіп қарасам, күнә деген батпаққа мен батыппын. Сол азаптан Иса мені шақырды, жол көрсетіп жұмақ деген қалаға. Өмірін де, өлімін де Исаның, пайғамбарлар айтып кеткен алдыңда. Азап шекті бүкіл дүние халқы үшін. Айналайын Иса деген атыңнан. Шаршамастан дұшпанменен айқаста, аспандағы жәннәт деген жер үшін. Төкті қанын бүкіл дүние елі үшін, сол қанының бір тамшысы мен үшін.Isus Lumina iubirii Tale HİCTE BİRİMİZ Все хочу Господь оставить Опять я славлю Szentlélek, köszöntünk أنت يا ابن الله ربنا Pan Jezus sam ḥạlạaⁿ tʿạlwạ Сени сүйөм, Теңирим Golgota tepaligida
Song not available - connect to internet to try again?