Жақында бұл дүниенің бітер күні, Інжірдің ашылып, жайнар гүлі. Біреулердің жүректерін тітірентсе, Ал бізді қуантады оның бүрі. Тәңірдің «келем» деген сөзі анық, Бақыттың толығы ол, жүзі жарық. Соншалық аңсап жүрмін сол күнді, Келуін періштелер сырнай тартып. Иса айтқан бір де сөзі өтіп кетпейді, Сенбегеннің мәңгілікке қолы жетпейді. Егерде шыдай алмай басың тартсаң, Жүрегіңе Киелі Рух қайта қонбайды. Даяр бол, соңғы сағат жақын қалды, Ісіменен ақталар адам бар ма? Жоқ ондай, біреу де жоқ арамызда, Ал Иса Өз қанымен жолды салды.Ten na kríži moja spása Gloria زرعت بقلبي نبتة حب Ez a szó, szeretet Buyuk va kuchli Rabbimiz صوت التهليل جوايا دليل Məhəbbətin, Rəbb Allah hái yǒu yī chéng Men charchab darmonsiz qoldim (T) الآن نحن نفرح
Song not available - connect to internet to try again?