Күні-түні талмаймын, Тәңірді мадақтаймын. Жаратқаны қанша мың, Санаудан мен шаршадым. Күні, айы, жарығы, Өзен, көлі, арығы. Бақа, шаян, балығы, Орман, тауы, қорығы. Ауа, суы, гүлдері, Арыстан мен пілдері. Кең даласы, шөлдері. Бау бақшасы, белдері. Достар, бері келіңдер, Маған жәрдем беріңдер. Он-ақ саусақ бар менде, Бірге санап көріңдер. Бәрін санап бітпейміз, Санына да жетпейміз. Гүлдендірген өмірді, Мадақтайық Тәңірді. Арпа, бидай, сұлысы, Тары, талқан, күріші. Анар, алма, жүзімі, Жал, жаясы, шұжығы. Құрт, ірімшік, айраны, Бал, шекері, майлары. Қымыз, шұбат, саумалы, Жеміс-жидек, баулары.Иисус, Твоё имя вознесу Eléd hoztunk mindent Kurban İşareti mạ ạ̉bhạk Няма да се боиш No por fuerza ni por Не Бюйюк ЬОлчюде Яшамъм Деишти Tinggal Sertaku بېشىمنى كۆتۈرۈپ Иешуа I
Song not available - connect to internet to try again?