Мен Сенің алдыңа кеп жылап тұрмын, Кешірім күнәм үшін сұрап тұрмын. Білемін мейіріміңнің мол екенін, Сенемін, Сен мұңыма құлақ түрдің. Сен ғажайып нұрландың, Жер әлемге таралдың, Құтқарушым Өзіңсің ғой, Саған сеніп оралдым. Мен Өзіңнен қуат алдым, Мейіріміңмен жұбата алдың. Жан дүниеме сая болып, Сенімімді ояттың. Өзіңнен зор қуаныш алып тұрмын, Мәңгілік өмір жайлы сыр ұқтырдың. Мұңданып жеке қалған сәттерімде, Жақсылықтың нышанын сезіп тұрмын. Білемін, Сен мен үшін жан қиғансың, Күнәмнан тазартуды ойлағансың. Сен менің өмірдегі күнәм үшін, Өзіңді ағашта айқыш қинағансың. Мені енді Құдай Әке, қабыл алғын, Келетін сәтіңді мен сағынамын. Жақсы үлгімен сөздеріңді уағыздап, Арасынан ұлдарыңның табылармын.Toată închinarea toată adorarea 主要回来把帐算 Soldato Дюнядаки Йолджулуумда ạ̉bạnạ ạldẖy fy ạlsmạwạt kẖṭẗ mn ạ̉jly Dera, Laza, Hery, Haja Milujem chvíle Yesu Ya Bar Samaniya Աբբա
Song not available - connect to internet to try again?