Сөзіңді алдым қолыма, Жарық боп жанған жолыма. Әлсіреп әлім таусылса, Күш-қуат берер бойыма. Киелі кітап - ырысым, Күнәға қарсы қылышым. Тастай боп қатқан жүректер Сөзіңді оқып жібісін. Мұздай боп тонған көңілдер Оларды оқып жылысын. Ашықсам оқып нәр алам, Нәріңе мұқтаж әр адам. Жол етіп оны жұмаққа Адаспай тауып бара алам. Сөзіңді берген жерге Сен Су етіп ішем шөлдесем. Киелі Сөзің болмаса, Өмірдің мәнін білмес ем. Тәңірдің тірі Сөзісің, Кеудеме тұнған тынысым. Тастай боп қатқан жүректер Сөзіңді оқып жібісін. Мұздай боп тонған көңілдер, Оларды естіп жылысын. Сөзіңе Сенің сүйеніп, Жығылсам қайта тұра алам. Күнәмның құны өтелді Сөзіңнен оқып біле аламын.Я живу Христом Oh peregrinos que al cielo vais Lord Prepare Me, to be a Sanctuary سبحوا لإلهنا الحى Ако съм във Теб Есүүс Христосой түрэһэн тухай түүхэ This Is Our Time Čo mi môže Satan spraviť El Dios de Israel es poderoso rạjʿ wṭny
Song not available - connect to internet to try again?