Тербетеді әуен менің жанымды, Тыңдай ма екен Тәңір менің әнімді? Қайта-қайта келді жүрекке осы ән. Мадақтасам деп ем Иса Тәңірді. Жүрегімде орнап Сенің сөздерің, Ашылды ғой Ием, менің көздерім. Ақ жолыңа түстім, баста Сен мені. Айтқанына ермен енді өзгенің. Ақиқатты нұсқа, ашып ұлыңа, Ояныш бер менің алыс қырыма. Мадақтайын Сені, Иса Тәңірім. Ақ батаңды берші осы жырыма. Көкте Сенің даңқың арта берсінші, Барлық халқым келіп Саған ерсінші. Ашшы Өзің жүрегін қазақ елімнің, Адамзатқа даңқың қайта келсінші. Мадақтаңдар, достар, Тәңірді бүгін, Мадақтаңдар осы ұлылығы үшін. Аспанменен жерде мадақтаңдаршы, Иеміздің рақым, шапағаты үшін.Извините мне нужно помолиться Rabbim chertganida yuragim torin Másihtiń sózimen ashyldy Сүйүп Сени, Теңир ạ̉ṣwạt ktyr Beni Barışına Aracı Yap در یک شب روشن و پاک فرشتۀ خدا پایین شد Бузург аст Худо Bracia, ogłaszajcie Ҳамду Сано, Ҳамду Сано
Song not available - connect to internet to try again?