Тыңдаумен жүріп Өзіңді, Сырыңа бойлап келемін. Киелі әрбір Сөзіңмен, Бақытқа мені бөледің. // Өмірдің көп қой жолдары, Шартарапқа тараған. Ал, Сенің жолың біреу-ақ, Одан өтер «жаңа адам». // Бір күндер Құдай күш беріп, Ұғармын сөздің астарын. Қазірше жүрмін тыңдаумен, Рухани бауырластарды. Киелі кітап қолға алып, Сырыңа сүңгіп келемін. Тәй-тәй басқан баладай, Өзімді әлсіз көремін. Ақ бата беріп, Құдайым, Өзіңе қабыл ал мені. Уағыздаушың боп шығайын, Ақ жолыңа сал мені.Everything (God in My Living) Odložil si svoj majestát Лей лей лей Зафер таджъ دم يسوع غالي وثمين ลำธาร IANAO NO MIAHY My přicházíme před Tvou tvář Сенің сөзіңді оқығанда Тәңірім Merhamet et yarattığın kullarına
Song not available - connect to internet to try again?