Іздеп жүрген бар әлемнің адамы, Бар екен-ау бұл өмірдің ғажабы! Құдай Оны біздер үшін жіберген, Болмасын деп адамзаттың азабы. Енді білдім, енді сездім Құдайым, Сен қасымда жүріпсің ғой әрдайым. Әкем-ай деп жылағаным сол еді-ақ, Әжептәуір жібіп қалды маңдайым. Оу, көктегі Әке, оу, Көктегі Әке! // Жетеледің мені ғажап өмірге Әке! // Бұл өмірден шындық таппай Өзіңсіз, Көп қиналдым Сенің асыл Сөзіңсіз. Өзімді-өзім алдауменен жүріппін, Боламын деп бұл өмірде күнәсіз. Кешір Әке, кешір менің күнәмді, Қолың созып қабыл алшы балаңды. Құтқара гөр азап шеккен жанымды, Білмеппін-ау Әке, сенің барыңды. Балаң бүгін ақылға кеп ойланды, Жүректе бір жаңа сезім оянды. Көз алдыда айқыш ағаш көрініп, Енді ғана қызыл қанға боялды. Өз Ұлыңды біздің жерге жібердің, Күнәм үшін Құрбандығыңды бердің. Неткен шексіз, неткен ыстық махаббат! Өз қаныңмен күнәмді Сен кешірдің.On nás ľúbi Duchu Święty przyjdź z ogniem Swym SİNƏ GƏLDİN ƏZABLARA Izgi habar, izgi habar taralsyn jīn rì de jiào huì yào jǐng xǐng Бир гана Сен Cinste, slavă, mulţumire Ţie ТРЕПЕРИ МРАКА ạ̉nt ʿẓym Вихрь гонения в столице
Song not available - connect to internet to try again?