Қайғы тартып қиналғанда Жол таба алмай адасқанда, Бір Өзіңе келдім Әке, Көрінбейтін болсаң да. Қараңғыда жатқанымда, Күнәға әбден батқанымда Бар екенсің сездім Әке, Көрінбейтін болсаң да. Көрінбейтін Көктегі Әке, Бір Өзіңе сиынамын мен. Жүрегімнен шыққан осы әніммен, Бар әлемді жаратқан Ием, Аспаннан нан жаудыртқан Ием, // Көрінбейтін Көктегі менің Әкем. // Жан жүрегім жылағанда, Әлсізденіп құлағанда, Ұмтыламын Саған Әке, Көрінбейтін болсаң да. Өзің мені құтқарғанда, Көңілімді жұбатқанда. Басымды идім Саған Әке, Көрінбейтін болсаң да.โรมัน 16:19 Таниас хайр нигүүсэл Мария знала ль ты что настанет день Из тьмы страданья плена грехов rạjʿ wṭny Nunca, Dios Mío إنت راعي وصالح رقة قلبك Եղիր Ներող Төгс хүчит Эзэн Бурхан
Song not available - connect to internet to try again?