Қараңғы түнде тыныштық енгенде Сен ұйықтамайсың анам менің! Естимін ерніңнің жәй ғана сыбырын, Атымды қайталап сиынасың. Егер қасымда сен болмағаныңда, Төзер ме едім қиындыққа. Анам сен мені Құдайға жолдадың, Құдай қауымына жетеледің. Өмірден қалған бетіңдегі іздер Балалық шақтан таныс маған. Жайсыз мінезіммен тыңдамай сені мен, Жүрегің жаралы, жыладың сен. Менің қайғымнан ағарды шаштарың, Білемін оған себепші мен. Кешір, анашым, кешірші анашым, Көп қайғы тартқыздым, кешір мені. Бар аналардың балаға арнаған, Дұғасын Тәңірім қабыл алсын. Мәңгілік орында аналар да көрсін, Өз ұлдары мен қыздарын да.Dwell in Your House Qui a créé le monde Отвори очи Sur toi, Sauveur الق علي الرب همك Oi hablar de un Salvador تعبت فقلت أجيب نداه Թող Որ Սիրտս Դառնա Xwezî li Wan Mileta ra يباركك الرب ويحرسك
Song not available - connect to internet to try again?