Қозыны жетектегендей, Бағушым, алға апар, Сенің үнің кең жайлауға, Тұнық суға шақырар. // Құтқарушым! Құтқарушым! Мен үшін Сен қан төктің. // Маған дос бол жер бетінде, Сақта қозыларыңды, Жетекте көк шалғынменен, Құтқар адасқандарды. // Құтқарушым! Құтқарушым! Сен күнәмді кешірдің. // Игілігіңді бере гөр, Уәдеңді Сен орында, Ұзақ жолдан қайтқан кезде, Ием, мені қабылда. // Құтқарушым! Құтқарушым! Жақындата гөр мені. // Маған өсиетіңді Се, Сүюге қабілет бер, Үйрет сүйіспеншілікпен, Мені өмір сүруге. // Құтқарушым! Құтқарушым! Мені жалғыз қалдырма. //Ry fanahy ory Mba soraty ao am-poko Varlığının Görkeminde 몽골노래 Precious Lord, take my hand في السما والأرض والبحار ạllh ạlly ʿm yjmʿkn Non un sol giorno un'ora Nejkrásnější chvíle vždycky jsou na kolenou ʿly̱ ạlṣlyb sddt dyny
Song not available - connect to internet to try again?