Құдайым, мен күнәкар пақырыңмын, Көптігін мойындаған айыбының. Жүрегім соттап, жаным жай таппайды. // Толқында аударылған қайығыңмың. // Сұмдықтан, азғындықтан арылмадым. Барады күннен - күнге қажып жаным. Арылтшы мені Өзің Тәңір Ием. // Өзіңе Иса арқылы жалынамын. // Мен үшін қанын төккен қасиетті. Орындап Таураттағы өсиетті. Рахмет Сол Ұлыңа Құдай Әке, // Сыйлаған еш ақысыз мәңгілікті. // Мойнымда күнәм ауыр болса-дағы, Сенемін әділікті Ол сыйлады. Айыбын дүниенің мойнына алып, // Төгілді қара жерге тамшы қаны. // Кешірші, кешір Тәңір, кешір Әкем. Өзіңнен соны ғана сұрай берем. Айыпсыз Иса атынан келіп тұрмын, // Күнәмді пәк қанменен өшір Әкем. //Šis gaiss ko elpoju rbnạ qlnạ fy ạlktạb Profond et large rby rạʿy wslạmy พระบิดาเรารัก Chi vince يوماً فيوماً فيوم Hvor kunne du elske en sådan brud En la montaña podrá no ser Сколько лет сколько зим
Song not available - connect to internet to try again?