Ұлы Құдай, Әкелік махаббатпен, Сыйға тартып,нұрыңды төккенде, Өз қолыңмен Жаратушым жасаған, Бар тіршілік, әлемді көргенде. // Тәңірім, сонда, Саған рухым жырлайды: Ұлысың Сен! Ұлысың Сен! // Аспанға, жұлдыздарға көз салсам мен, Ғажайып жарқын әлем жүзіне. Мұхиттағы кемедей жүзіп жүрген, Ай мен күнді әуеде көргенде. Жаратылыс көктемде құлпырғанда, Жұпар иісі кеудеме толғанда, Бұлбұл әнін тоғайда естігенде, Бұлақтың сылдырын тыңдағанда. Күн күркіреп, найзағай жарқ еткенде, үстімізден қара бұлт төнгенде, кемпірқосақ назарыма түскенде, құнарсыз жерге жауын жауғанда. Адамзатты сүйіп жер бетіндегі, қайғы қасіреттен Ол құтқарғанда, мейірін төгіп, жасаған қасиетті, ісі туралы мен оқығанда. Бұл дүниеде адамға үлгі болған, Мәсіхтің жуас жүзін көргенде, айқышта бізге кешірім берем деп, бар әлемнің Патшасы өлгенде. Жүрегімді құмарлық жайлағанда, қара қайғы жанға батқанында, Сүйіспеншілікпен басын иіп кеудеме, жылы сөзбен мені Ол жұбатар. Тәңір мені Өзіне шақырғанда, нұрын шашып, сәулесі жарқырап, сонда рухым үн шығармай қалады, ұлылығын Құдайдың мойындап.Ыразымын куткаруу үчүн يسوع بيدور عليا Куртулушум, калем! Кош Халк Ефендине Каршъ ليه قولتله Con grata voz en comunión nbạrk ạsmk yạ rbnạ موشۇ يەردە، ھوزۇرۇڭدا سېنىڭ Иса Тәңірім, барлық өмірім ZEIZONGTE JESUH CA
Song not available - connect to internet to try again?