Ахау! Бауырларым, бауырларым, Арналды сіздер үшін осы әнім. // Келіңдер аяулы жұрт, мәңгі өмірге Жол ашып құшақ жайған бұл Тәңірге // Көп болды-ау, құстай қанат қағысқалы Армысың бауырларым осындағы // Арада қилы-қилы жылдар өтіп Құдайдан бірте-бірте алыстағы // Бауырлар, ұмытпаңдар өз еліңді Кең далам шалғай жүрген қазағымды // Күйзелген қазақ үшін жүрегімді Тәңірім қабыл алсын тілегімді // Қайғысын бұл дүниенің ойлама деп Құдайым бетін бұрды біздің елге // Келіңдер, кешікпеңдер, құтқарам деп, Сендерге жұмақ төрін дайындады // Әр түрлі дін жолымен құтылам деп Қапыда қалып жүрме бауырларым // Исаның құрбан болған қаныменен Құдайым құтқарады бәріңді де // Қиналып шаршағандар, бәріңе де, Беремін жан тыныштық Маған кел деп. // Тәңірім есік қағып шақырады. Бауырлар, жүрегіңді аш түсінуге // Жұмақтын бар есігін айқара ашып, Тәңірім шақырып тұр барлығынды. // Жабылар ол есіктің уақыты жақын. Бауырлар, асығыңдар, үлгеріңдер //fy ywm mryt Радуйся вся земля مەنىڭ جان۔دۇنيەم 跟随主的人无数又无名 Голгофада кадалууга Ыйса баратат Powiedzcie, jak mam smutnym być Честь Тебе Спаситель слава En Un Aposento Alto Du bleibst an meiner Seite Ти знаєш, Боже, моє бажання
Song not available - connect to internet to try again?