Дұғаның сөздерінде емес, Рухани әндерінде емес. Жаным тек Тәңірдің сөзінде, Өмірдің бастауы Өзіңде. Мәнсіз өмір тілек етпедім, Сенсіз шын бақытқа жетпедім. Тербейді бір өлең сезімде, Өмірдің бастауы Өзіңде. Уайымым басымнан асады, Мұңымды Тәңірім басады. Тілегімді Сенен сұрадым, Өзіңде өмірдің бұлағы. Кешірім Өзіңмен әкелдің, Көктегі пейішті әпердің. Жан-дүнием енді жар салады, Өмір Өзіңмен басталады. Дұшпандар қоймады аңдуын, Тәңірдің есімі - қаруым. Жеңіске жеткізер кезінде, Өмірдің бастауы Өзіңде. Сен менің тірегім, панамсың, Құтқарушым, берік қамалсың. Шындықтың қайнары сөзіңде, Өмірдің бастауы Өзіңде.trd ly tsbyḥ llrb yʿly Сердце мое как берег Dicsőség Rab'bin Lütfu Santo, santo, santo, santo Kau, Yesus, Raja Mahakaya Как прекрасно всё то что Твое Сенин Йолджулуунда Mi ami
Song not available - connect to internet to try again?