Жұлдыздар түнереді, Астан-кестен боп көк аспан. Күшті әлінен айырылып, Тағына Оның бас иер жан адасқан. Ол келеді жарқырап Күндей, Нұрландырып айналаны! // Біреуге гүл тәжін сыйлап, марапат қылар, Ал біреуден теріс айналады...! // Көз жасы көл боп жылайды сонда, Өткенін еске алып ойланады. // Неліктен, Тәңір, маған Сен қаталсың, Неліктен теріс менен айналасың? // Тәңір былай дер: -Есіңе түсірші Саған қанша қағып ем есікті... Білсең, сен сонда теріс бет бұрдың, Көңілімді қайтарғаннан не шықты?.. Қашан қақтың дерсің-ау, Сен бәлкім, Тәңірім, естімей мен қалдым ба? Айтшы, шынымен де мұқтаж кезіңде, Қолымды созбай, тым суық болдым ба? Жетім бала боп жолықтым Саған, Жаным күйзеліп, тілім нан сұрағам. Бірақ та мән бермей қойдың, мен сонда, Тырналып жарам, қансырадым. Сүртіп жасымды, қол созған жандарға, Құн жетпейтін сыйлық тартамын. Сенім артқан қайрымды адамдардың Күнәларын мойныма артамын. Кіреді олар Құдай үйіне, Жұмақтың нақ төріне жиналар. Ал өзгелер күнәларын мәңгілік өтеп, Өшпес тозақ отында қиналар. Күллі жұлдыз түнереді, Астан-кестең боп көк аспан. Күшті әлінен айырылып, Тағына Оның бас иер жан адасқан. Ол келеді жарқырап Күндей, Нұрландырып айналаны. Біреуге гүл тәжін сыйлап, марапат қылар, Ал біреуден теріс айналады.Вирушаю в дорогу Чын жүрөгүмдөн Сени, Теңирим, даңктаймын Hlásajme evanjelium! Běžím 他们走路的时候 The Days Of Old rby sbyt qlby О возвещайте вы о Христе La sposa bianca Mifona aminao izahay
Song not available - connect to internet to try again?