Мына өмір соғып өткен жел болса, Жел ұшырған, қураған бір шөп болдым, Қулық, сұмдық, жамандыққа бар болсам, Ізгілік пен жақсылыққа жоқ болдым. Мына өмір ашырқанған аң болса, Ал мен одан қаша алмай, жем болдым. Адамдарды жүрегімде жек көріп, Кісі өлтірген жауыздармен тең болдым. Мына өмір патша болса, би болса, Бұйрығынан шыға алмайтын құл болдым. Кісі өлтіріп, қиянат істемесем де, Елді алдаған, қуыс кеуде қу болдым. Өмірдің шын мағынасын білмедім, Ішіп-жеу мен ойын-сауық іздедім. «Өмір бізге бір-ақ рет берілген», Осы-ақ болды өмір жайлы білгенім. Енді бүгін бұрынғыдан басқа күн, Жүрегімде шырқалады асқақ үн. Ескі өмірмен біржолата қоштасып, Исаменен жаңа өмір бастадым. Менде бүгін, бұрынғыдан басқа күн, Бар күнәмді еңсе басқан тастадым. Күнәларым қара бұлттай төнуші еді, Енді бүгін шайдай ашық аспаным. Менде бүгін өзгеше күн, басқа күн, Тауып алдым мәңгі өмірдің бастауын. Кеше ғана танымастай басқа едім, Енді бүгін, одан мүлде басқамын. Енді білдім мағынасын өмірдің, Жүрек толды сөздерімен Тәңірдің. Жамандықтан жан-дүнием тазарып, Жиіркенішті кірі кетті көңілдің. Соқыр едім, Иса ашты көзімді, Саңырау едім, сауыққаным сезілді. Сөз жетпейді-ау суреттеуге тілменен, Жүректегі сұлу ғажап сезімді. Осы Исаға сен де келсең болады, Жүрегің мол қуанышқа толады. Күнәңді айтып, тәубе қылсаң, басыңа, Жаратқанның ақ батасы қонады. Мені сонша сүйетіндей кім едім? Тозақ отқа кетейін деп тұр едім. Иса берді біржолата бостандық, Құмарымның құлдығында жүр едім. Исаға кел, ашылады көздерің, Ере бермей айтқанына өзгенің, Мен сияқты сен де аласың бостандық, Егер Оның қабылдасаң сөздерін.ياللي بديت الرحلة معايا Ti parlo di me В часы тревог унынья и сомненья Ich geh deinen Weg Gloria y honor dad al nombre de Dios أبتدى يومى بيك Hej Jezu Królem Tyś mwjwdẗ mndẖ ạlạ̉zwl طفل صغير Вы не явили святости Моей
Song not available - connect to internet to try again?