Сөзіңді алдым қолыма, Жарық боп жанған жолыма. Әлсіреп әлім таусылса, Күш-қуат берер бойыма. Киелі кітап - ырысым, Күнәға қарсы қылышым. Тастай боп қатқан жүректер Сөзіңді оқып жібісін. Мұздай боп тонған көңілдер Оларды оқып жылысын. Ашықсам оқып нәр алам, Нәріңе мұқтаж әр адам. Жол етіп оны жұмаққа Адаспай тауып бара алам. Сөзіңді берген жерге Сен Су етіп ішем шөлдесем. Киелі Сөзің болмаса, Өмірдің мәнін білмес ем. Тәңірдің тірі Сөзісің, Кеудеме тұнған тынысым. Тастай боп қатқан жүректер Сөзіңді оқып жібісін. Мұздай боп тонған көңілдер, Оларды естіп жылысын. Сөзіңе Сенің сүйеніп, Жығылсам қайта тұра алам. Күнәмның құны өтелді Сөзіңнен оқып біле аламын.جاى بأغنيلك Móldir aqqan sýdaı ómir berdiń Sen Իմ Տերն է հզոր,ահեղ ու փառավոր tḥt ạlḥmwl Люблю я петь псалмы побед Reçois ma vie Стоишь на распутье один Pánu všichni prozpěvujte KEIMAH ZONG yswʿ ạlmsyḥ ạbn ạllh ạlwḥyd
Song not available - connect to internet to try again?