Шеге Сенің денеңе қадалғанда, Қарап тұр-ау соған шыдап адамдар да! Мәз болады-ау соқыр сезім билеп алған, Сен кешірім алып едің адамдарға! Мен жасаған күнә үшін Өзің өлдің, Мен көретін азапты Өзің көрдің! Шеге маған қадалса шыдайтындай, Маған сондай мейірім, төзім бердің! Өз еркіңмен айқышқа барғаныңда, Мен мейіріңде, таң болып жанғанымда, Жүрегімде жарқ етті жарық сәуле, Аспанда бірге болу арманында! Екі мың жылдай өтті, арамызда, Көктен келді, Көктен біздің санамызға, Саған сеніп құтқарылу алып жатыр, Барлық халық, әкемізбен, баламыз да! Сен күш-қуат бердің біздің бойымызға, Сен ізденіс бердің біздің ойымызға, Сен арқылы құтқарылып, барша халық, Аспанда болар әлі, тойымызда!هيا لنفرح Коклерде мелеклер Раббини шерефлеп mạtʿwlsẖ ạlhm Раздается пусть Yes, Our Lord is Coming Back to Earth Again/I Am Watching For Возносим Тебя Boh náš je láska Құтқарушы Патша ạ̉byḍ jmyl ạlʿyn ạ̉nt tdʿw llwlymẗ
Song not available - connect to internet to try again?