Іздедім Сені күнмен түндерде, Жайқалған шексіз, алау гүлдерден! Іздедім Сені, тау мен қыраттан, Сылдырлап аққан, мөлдір бұлақтан! Жаратқан Ием, басымды ием, Жалғанда, мына, Өзіңді сүйем! Өмірім менің, қолыңда Сенің, Кешірген қанша, күнәмды менің! Өткізген мені, өзен, көлдерден, Сақтаған боран, ыстық шүлдерден! Жетелеп мені, жас балаларша, Күтемін Сені, қайта оралғанша! Өзіңе ерем, жанымды берем, Қиналған шақта, тек Саған сенем! Аңсаған менің, таңдарым едің, Жұбатқан мені, сөздерің, Сенің! Тәңірім дедім, артамын сенім, Бәрінен биік, есімің Сенің!Синє небо عارفك مش قادر L'Eternel pourvoira Harul Tau imi e de-ajuns yé sū shì shéi О СВЯТИ ДУШЕ Han er her Светлый день Poarta Tu războiul Doamne Niechaj piękność Jezusa
Song not available - connect to internet to try again?