Құдайды ізде, сарылып ізде, Кешікпей, досым, сағынып ізде. Күні-түні кезіп даланы, Жан жүрегіңмен, табынып ізде. Іздеген табар, Құдайды ізде, Жол болып бәлкім, жолығар сізге. Сөз болып Тәңір жерге келеді, Сенімің болса, бойға енеді. Оған жүгіну тым қиын емес, «Кеш қалма» деген ойға келеді. Жүректі қақса, ашып есігін, Құрметте әркез Тәңір есімін. Шөлдегі судай Құдайды аңса, Табарсың сонда өмір шешімін.عابرين دايسين كل الصعوبات هوذا قد صار ليل Осы жалған дүниеде ай өмір сүрген әр пенде Môžem spievať o láske večnej I've Witnessed It Predivný si, vzdávam chválu Ti ثناء الآب Ayağım kaymayacak Gecә Keçdi Gioisci figlia di Sion
Song not available - connect to internet to try again?