Құдайым, мен күнәкар пақырыңмын, Көптігін мойындаған айыбының. Жүрегім соттап, жаным жай таппайды. // Толқында аударылған қайығыңмың. // Сұмдықтан, азғындықтан арылмадым. Барады күннен - күнге қажып жаным. Арылтшы мені Өзің Тәңір Ием. // Өзіңе Иса арқылы жалынамын. // Мен үшін қанын төккен қасиетті. Орындап Таураттағы өсиетті. Рахмет Сол Ұлыңа Құдай Әке, // Сыйлаған еш ақысыз мәңгілікті. // Мойнымда күнәм ауыр болса-дағы, Сенемін әділікті Ол сыйлады. Айыбын дүниенің мойнына алып, // Төгілді қара жерге тамшы қаны. // Кешірші, кешір Тәңір, кешір Әкем. Өзіңнен соны ғана сұрай берем. Айыпсыз Иса атынан келіп тұрмын, // Күнәмді пәк қанменен өшір Әкем. //Mergând Isus cu crucea-n spate ما أبهج اليوم ВИНАГИ ЩЕ ТЕ ОБИЧАМ Ya sea en el valle Аллахъм, сана ялварийом Mehribon Menig Chopanim В мире так много, песен для Бога От Христа се научи Una direzione Náš Pán je tu s nami
Song not available - connect to internet to try again?