Көз тігем жалғыз Өзіңе, Құдайым Сен Жартасым! О, Иса, Саған «Осанна» Барша халық жар салсын. Өлкеңді тастап көктегі, Жерге келдің Сен маған. Жүрегімді беріп енді, Ұмтыламын тек Саған. Бұл әлемде барлық нәрсе, Өзгереді тұрмайды. О, Иса, Саған «Осанна», Жүрегім жырлайды. Мәңгі тірі Иса Ием, Мен үшін азап шекті. Аңсаймын мен Тәңіріммен Кездесетін сол сәтті. Түнек те түріліп әлі, Жарық түсері анық. О, Иса, Саған «Осанна», Мадақтасын бар халық. Бар күмәннан тазалайсың, Бойыма менің енген. Мәңгі сүйіспеншілікпен, Өзіңмен бірге келген.من حبك للعالم tʿlyq Und nicht mehr lebe ich sondern Christus lebt in mir Ho-ho-hozana Да будет с вами всюду تەڭىرىم، تايانامىن قورقۇنۇچ باسقاندا wǒ níng yuàn shī qù Когда сердце болит и тоскует порой tʿlyq 2 - ktẖyrẗ ạ̉mạntk Príď, už príď, Duchu stvoriteľu
Song not available - connect to internet to try again?